09:37, 04 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Қызылордада жалпы құны 1 млрд. 321 млн. теңгені құрайтын қазақ-түрік лицейінің құрылысы басталды
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында облыс орталығындағы «Сырдария» шағын ауданында жалпы құны 1 млрд. 321 млн. теңгені құрайтын дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының құрылысы басталды. Нысанның жұмысына биылға қаралған қаражат 198 млн. теңге.
Облыс әкімі Болатбек Қуандықов жаңадан бой көтеретін мектеп құрылысына келіп, оның іргетасын қалады. Бұл білім ошағы 500 балаға арналған. Оның жанынан 500 орындық жатақхана қоса салынбақшы.
Жоспарда қыз және ер балаларға арналған екі оқу ғимараты, екі спорт залы, асхана және акт залы бар. Құрылыс алаңын бас мердігер «СК Энергия» ЖШС 2011 жылдың қараша айында беруді межелеп отыр.