Қызылордада жаңа аула клубтарын ашуға 3 млн. 187 мың теңге қарастырылды

ҚЫЗЫЛОРДА. 3 шілде. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында балалар үшін жаңа аула клубтарын ашуға жергілікті бюджеттен 3 млн. 187 мың теңге бөлінді.
None
None

Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Жастар мен көпқабатты тұрғын үй аулаларындағы балалардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Қалада аула клубтарының қызметін ұйымдастыру» әлеуметтік маңызды жобасы жүзеге асырылуда. Жобаны жүзеге асыру үшін қалалық бюджеттен 3 млн. 187 мың теңге қаржы бөлінді», - делінген хабарламада.

Қазірге дейін қаланың Титов қыстағы мен Тасбөгет кентінде, «Ақмешіт», «Шұғыла» шағын аудандары мен «Мың ұсақ-түйек» аталып кеткен аумағында «Жігер», «Шаттық», «Самғау», «Достық», «Жұлдыз» аула клубтары ашылды. Барлық аула клубтары шығармашылық және спорттық бағытта жұмыс жүргізуде.

Шығармашылық бағытта қолөнер, жас суретшілер және қазіргі заманғы би үйірмелерінің, спорттық бағытта тоғызқұмалақ, шашка, шахмат және шағын футбол үйірмелерінің қызметтері үздіксіз үйлестірілуде.

Аула клубтарының материалдық-техникалық базасы қалыптастырылып, қажетті барлық құралдармен жабдықталған.

Айта кету керек, күн сайын 100-ге тарта жастың аула клубындағы шараларға атсалысуы жобаның сұранысқа ие әрі тиімді екендігін көрсетуде.

Соңғы жаңалықтар