Қызылордада «Жаңадан салынып жатқан құрылыстардағы және құрылысты жобалау барысындағы өрт қауіпсіздігінің талаптары» тақырыбында семинар-кеңес өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Кеше Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәжіліс залында «Жаңадан салынып жатқан құрылыстардағы және құрылысты жобалау барысындағы өрт қауіпсіздігінің талаптары» тақырыбында семинар-кеңес болып өтті.
None
None

Семинар-кеңеске департаменттің жеке құрамы мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары, сонымен қатар облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының құрылыс салушы және жобалаушы мекемелердің жауапты қызметкерлері қатысты. Семинарды Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы өртке қарсы қызмет подполковнигі А.Қожақов ашты. Ол ҚР ТЖМ-нің 2010 жылдың 18 тамызындағы №281 бұйрығымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау және өрттер туралы істер бойынша анықтау қызметтерін жүзеге асыратын ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің, облыстардың ТЖ департаментерінің, қалалардың төтенше жағдайлар басқармаларының лауазымды тұлғалары қызметінің регламентіндегі» өзгерістермен таныстырды.

Семинарда үстіміздегі жылдың осы мерзімінде жобалаушы мекемелердің және тапсырыс берушілердің өтініштеріне байланысты облыс бойынша мемлекеттік өрт бақылау қызметкерлерімен 635 құрылыс жобасы қаралып, 467-сіне оң, 168-іне теріс қорытынды берілгені айтылды. Олардың 35,9 пайызы сапасыз болып шыққандығы да сөз етілді.

Сонымен бірге, құрылыс жобаларының сапасын арттыру және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жобалаушы мекемелердің басшысы, бас инженер, жобалаушы және жауапты орындаушы тұлғалар жауапты болатын болды.

Соңғы жаңалықтар