Қызылордада жас өрт сөндірушілер Тәуелсіздік мерекесінің 20 жылдығына арналған сайыс өткізді
Сайыс бірнеше тапсырмалардан тұрды. «Өзін өзі таныстыру» бірінші сайысында №198 «Үгітбригада 101» озық болды. Ол команда өрт қауіпсіздігі тақырыбында қызықты қойылым қойды, әділ-қазыларға меткепті таныстыру салтын жасады. Екінші сайыс «Танымдық викториналарда» №5 мектептен «Огонек» командасы алға шықты. Үздік білім мен іскерлігін үшінші сайыста жауынгерлік киімдерін жедел киюге және өрт оқап пен жеңдерді жауынгерлік меңгеруге және оқушыларды оттан құтқару сәтіне арналды.
Жас өрт сөндірушілердің қиялында шек болған жоқ, осы тұста олар болашақ өрт сөндірушелр киімін бейнеледі. Костьюмдер арнайы осы заманғы өртке қауіпсіз заттармен көмкерілген. Жеңдермен және термометрмен, жанып жатқан ғимараттың өртінен сақтандыратын арнайы құрал-жабдықтарымен және болашақ өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімдеріндегі мини-кондиционерге дейін орнатылған. Осы сайыста №3 мектеп-гимназияның «Жалын» командасы оқ бойы озық шықты.
Сайыстың қорытындысымен жалпы есеп бойынша 236 балл жинаған «Жалын» командасы бас жүлдені жеңіп алды. Екінші орынды «Огонек» командасы, үшінші орынды «Үгітбригада 101» командасының жас өрт сөндірушілері иеленді. Осы сайысқа «Өрт сөндіруші» АҚ ҚФ және «Ерікті өрт сөндірушілер қоғамы» демеушілік жасап, арнайы марапат қағаздары мен бағалы сыйлықтарды табыс етті.