11:57, 22 Қараша 2014 | GMT +5
Қызылордада жастарға бос жұмыс орындары ұсынылды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық қоры және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі басталды. Бұл туралы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Жәрмеңкенің мақсаты жұмыс берушілерге қажетті мамандар таңдауларына, ал жұмыс іздеушілерге жұмысқа орналасуларына ықпал жасау болып табылады. Жәрмеңкеге 18-29 жас аралығындағы жұмыссыз жастар қатысып, облысымыздағы бос жұмыс орындары туралы мәліметтер алды.
Аталған шараға қаладағы 30-дан астам мекемелер шақырылып, 270-ке жуық бос жұмыс орындарына сұраныс келіп түсті.