09:34, 04 Тамыз 2012 | GMT +5
Қызылордада «Жасыл ел» студенттік жасағы мәдениет және демалыс саябағына 60 мыңнан астам көшет отырғызды
ҚЫЗЫЛОРДА. 4 тамыз. ҚазАқпарат - Қалалық мәдениет және демалыс саябағында «Жасыл ел» студенттік еңбек жасақтарының іс-қимылына арналған акция өтті.

Шараның аясында еңбек жасақтарының үздік жауынгерлерін марапаттау рәсімі болды. Мұндай жасақтар біздің елімізде Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен 2005 жылы құрылған болатын. Сол жылы облыстық «Жасыл ел» жасақтары бес мыңға тарта жауынгерді қатарға қосты. Содан бері олардың қатары жылдан жылға көбейіп келеді.
Акцияға қатысушылар саябаққа жиын соңында әртүрлі ағаштардың 60 мыңнан астам түп көшеттерін отырғызды.