Қызылордада желтоқсанда коронавирус жұқтырғандар саны өсті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында желтоқсан айында 93 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Соңғы екі айда Қызылорда облысында қатерлі індетке шалдыққан азаматтар саны артып келеді. Қараша айында 31, желтоқсанда 93 адам індетке шалдыққан.

Облыста 2021 жылдың 5-ші қаңтарға дейін қоғамдық тамақтану, ойын-сауық, кәсіпорындар, мекемелер мен кеңселерде ұжымдармен ұйымдастырылатын жаңа жылдық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды. Осындай карантиндік шектеулерге қарамастан халық көп жиналған отбасылық жиындар өткізу әлі де азаяр емес. Коронавирус инфекциясының одан әрі таралуының алдын алу мақсатында тұрғындардан сақтық шараларын орындауды сұраймыз. Өңірдегі эпидемиолгиялық ахуалды ескере отырып, Жаңа жылда коропоративтерді, банкеттер шектелді. Туыс, достарды онлайн, видео-қоңырау және өзге де жаңа технологиялардың көмегімен байланыс орнатып, құттықтауға кеңес береміз, - деді Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Динара Жанабергенова.

Карантин басталғалы өңірде 919 талапты бұзушылық анықталды. Оның 474-і мерекелік және отбасылық шараларды ұйымдастыру болып отыр.


Соңғы жаңалықтар