19:53, 30 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Қызылордада жеңіл атлеттер жыл жабылар шақта күш сынасты
ҚЫЗЫЛОРДА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордадағы Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионның манежінде аранйы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері түлектері арасында облыстық біріншілік болып өтті.
Жас жеңіл атлеттер мұнда төрт жас топтарына бөлініп, түрлі қашықтаққа және кедергілер арқылы жүгіруден, биіктік пен ұзындыққа секіруден, жатып ауыр жүк көтеруден, үрленген допты лақтырудан күш сынасты.
Жарыста ерекше көзге түскен спортшылар диполмдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал спорт мектептері мен облыстық жеңіл атлетика федерациясы өткен жылдың үздігі болып танылған О.Елубаев, М.Панов және Н.Өмірғалиева атты үш түлекке сыйақы тапсырды.