Қызылордада «Жібек жолы - 2012» бизнес-форумы өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. 15 қазан. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының экспорттық әлеуетін дамытуға шетелдік серіктестер мен инвесторларды тарту мақсатында екі күндік бизнес-форумы болып өтті.
None
None

Аталған форумға 11-ге жуық шетелдік инвестор қатысты.

Алқалы жиын барысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, онда еліміздің түкпір-түкпірінен келген қонақтар өңірде өсетін бау-бақша өнімдерін  көрді. Мұнан кейін облыс әкімі Б.Қуандықов форумға қатысушы делегаттарды қаланың Сырдария өзенінің сол жағалауындағы жүріп жатқан жұмыстардың даму басымдықтарымен таныстырды. Сонымен қатар бизнес-форум аясында 8 меморандумға қол қойылды. Оның 5-уі инновациялық гранттарға қаржы бөлуге, ал 3-уі Үдемелі индустриялық - инновациялық даму бағдарламасының аясында өңірдегі ірі жобаларға инвестиция салуға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар