17:00, 24 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Қызылордада «Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасы өтті
ҚЫЗЫЛОРДА. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қызылорда қаласындағы А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет орталығында облыс әкімінің бастамасымен «Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасы өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Акцияға ірі компаниялар мен мекемелер белсене атсалысты. Қаражаттай және заттай барлық жинақталған жәрдем көлемі 17 млн. теңгеден асып түсті.«Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы аясында бірқатар тұрмысы төмен отбасыларына азық-түлік таратылды, көпшілігіне үйлеріне жеткізіліп берілді.