Қызылордада «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында несиелер таратылуда

ҚЫЗЫЛОРДА. 11 шілде. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында биылғы жылдың бірінші жартысында 142 млн. теңге таратылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Балдырған Мәмен хабарлады.
None
None

«Қала әкімдігінде өткен тұрақты кеңесте жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Серік Дүйсенбаев осыны баяндады. Сала басшысының айтуынша, ауылда кәсіпкерліктің дамуына жәрдемдесуді көздейтіне бағдарламаның екінші бағыты аясында биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 142 млн. теңге бөлінді», - делінген хабарламада.

Егер бағдарлама басталған 2011 жылы 12 адамға шағын несие таратылса, биылғы жылдың І жартыжылдығының өзінде 70 қызылордалық несие алу мүмкіндігіне ие болған. Мұнан өзге, жыл соңына дейін қосымша 130 млн. теңге бөлінуі көзделуде. Нәтижесінде қосымша 50-ге жуық азаматтың жеке кәсібі ашылмақ.

Бағдарламаның маңыздылығына тоқталған қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев сала басшысы мен кент, ауылдық округ әкімдеріне несие алу жолдары мен шарттары жөнінде тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын кеңінен жүргізуді және әдістемелік көмек көрсетуді жүктеді.

Соңғы жаңалықтар