Қызылордада жұмыссыздарға арналған жәрмеңке болып өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Бүгін Қызылордадағы А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Жас маман - 2011» атты бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі болып өтті.
None
None

Оны мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастардың кәсіби біліктілігін арттыру және жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту мақсатында облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

«Жастарды еңбекпен қамту және кәсіби бағдарлауына ықпал ететін ақпараттық қызметін ұйымдастыру» әлеуметтік маңызы бар жобасы аясында өткен жәрмеңке жұмысына мұнай компаниялары мен ірі бизнес құрылымдары, денсаулық сақтау, білім беру салаларынан барлығы 37 жұмыс беруші мекемелерден 416 бос жұмыс орындарын ұсынды.

Жәрмеңке бағдарламасында «Сауатты түйіндеме дайындау», «Әңгімелесуден сәтті өту жолдары», «Жастарды шешендік өнерге баулу» тақырыптарында арнайы мамандардың шеберлік дәрістері өткізілді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум