Қызылордада жыл қорытындысы бойынша үздік спортшылар мен жаттықтырушылар марапатталды

ҚЫЗЫЛОРДА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордада жыл қорытындысы бойынша үздік танылған спортшылар мен жаттықтырушылар марапатталды.
None
None

Ауыр атлетикадан үш дүркін әлемнің және Олимпиада ойындарының чемпионы Илья Ильин, еркін күрестен әлем чемпионатының қола жүлдегері Дәулет Ниязбеков, ҚР Президентінің жүлдесіне арналған қазақ күресінен өткен жарыста «Қазақстан барысы» атанған Ұлан Рысқұл «жылдың үздік спортшылары» болды. «Жылдың үздік жаттықтырушысы» атағына Жалаңтөс Баһадүр атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының ауыр атлетика бөлімінің жаттықтырушысы Арман Абдраев, облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің еркін күрес бөлімінің жаттықтырушысы Әбутәліп Аманов, осы мектептің көгалдағы хоккей бөлімінің жаттықтырушысы Сұлтан Қобландин лайық деп танылды. Жыл қорытындысы бойынша спорттық-бұқаралық жұмыстарды жолға қоюда жақсы жұмысымен танылған Жаңақорған ауданының спорт бөлімі бірінші орынға шықса, келесі екі орынды Жалағаш және Сырдария аудандарының спорт бөлімдері алды. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері арасында №1 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебі бірінші орынды, №2 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебі екінші орынды, Қармақшы аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі үшінші орынды иеленді.

Дене шынықтыру және спортты дамытуға көрсеткен жоғары адамгершілік жанашырлығы үшін «Алтын жүрек» номинациясымен «Спецмонтажстрой» жауапкершілік шектеулі серіктестігінің бас директоры Рая Үдербаева, «Бест-сервис» ЖШС-ң директоры Асқар Махамбетов, «Жез Киік К» ЖШС директоры Шәймерден Махантаев, Қызылорда облысының өңірлік дамуына және кәсіпкерлерінің әлеуметтік жауапкершілігіне ықпал ететін «Игілік» корпоративтік қорының директоры Ақтолқын Шерехан, «Қазгермұнай» біріккен кәсіпорны директорының орынбасары Әділжан Ізтілеуов, «Жанрос-дрилинг» ЖШС бас директоры Алексей Мылтықбаев, облыстық күрес федерацияның президенті Павел Ким марапатқа ие болды.

Сондай-ақ Сыр бойы спортын насихаттауда алғы саптан табылған облыстық «Кызылординские вести» газетінің аға тілшісі Владимир Воробьев, «Кызылорда таймс» газетінің тілшісі Лилия Мальцева, облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының тілшісі Қамбар Бекенов аранйы сыйлықтармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар