Қызылордада жыл үздіктері анықталып, жаңа стипендиаттар белгіленді
Шараға облыс әкімі Б.Қуандықов қатысып, өткен жылдың қорытындысы мен алдағы жылдың межелеріне тоқталды. Бұдан соң Мемлекет басшысының Жарлығымен марапатталған бір топ еңбек майталмандарына наградаларын табыс етті. Аймақ басшысы сонымен қатар 2012 жылғы стипендиаттардың есімдерін жариялап, жыл қорытындысы бойынша үздік атанғандарды марапаттады. Марапат иелері «Үздік мемлекеттік қызметші», «Жыл қаржыгері», «Жыл спортшысы», «Үздік энергетик», деп аталатын тағы 20 аталым бойынша облыстың өтіп бара жатқан жылғы үздіктері танылды.
Кеште сонымен қатар аймақтың индустриялық-инновациялық дамуына үлес қосқан кәсіпорындар бойынша да жүлделер табыс етілді. Олардың қатарында «Алтын бала-08», «СКЗ-У», «УАД», «Кристалл Менеджмент», тағы басқа 20 жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен кәсіпорындар жобалары болды.
Жыл қорытындысына арналған салтанатты шара соңы үлкен концерттік бағдарламаға ұласты.