09:57, 03 Қаңтар 2012 | GMT +5
Қызылордадағы көпқабатты үйдің пәтерінде болған өрт салдарынан екі бала қаза болды - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 3 қаңтар. ҚазАқпарат - Қызылордадағы көпқабатты үйдің пәтерінде болған өрт салдарынан екі бала қаза болды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.
Дүйсенбі, 2 қаңтар күні Қызылорда қаласының бес қабатты үйінің бір пәтерінде өрт болды. Оны сөндіру барысында 2007 және 2008 жылы дүниеге келген екі баланың мәйіті табылды.
Өрт аумағы 4 шаршы метрді құрады. Оны ауыздықтауға ҚР ТЖМ-нің Қызылорда облысындағы ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 7 адамы мен 2 бірлік техникасы жұмылдырылды.