Қызылордадағы наркологиялық орталыққа жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған ақпарат таратқан азамат екі жылға сотталды

ҚЫЗЫЛОРДА. 26 сәуір. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордадағы наркологиялық орталыққа жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған ақпарат таратқан азамат екі жылға бас бостандығынан айырылды, деді Қызылорда облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры Олжас Бәйменов.
None
None

Оқиға үстіміздегі жылғы 14 қаңтарда кешкі сағат сегіз шамасында орын алған. Осы кезде Қызылорда ОІІД жедел-басқару орталығына облыстық наркология орталығының 1-бөлімшесінде емделуші Жанәлі Үсенов ғимаратқа жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарлайды. Артынша шұғыл жүргізілген тексеру барысында ОІІД «Арлан» арнайы взводының сапер-мамандары мен кинологиялық қызмет орталығы инспекторлары наркологиялық орталықтың үш қабатын толық тексеріп, одан ешқандай жарылғыш зат тапқан жоқ.

Содан кейін арнайы тағайындалған сот-психиатриялық сараптама Ж.Үсеновтің ақыл-есі дұрыс және оның өзі жасаған әрекетке толығымен жауап беретінін анықтап берді. Айыптау қорытындысымен жолданған бұл қылмыстық іс қалалық прокуратурада зерделеніп, сотқа жолданды. Өз кезегінде қалалық сот Ж.А. Үсеновтің әрекетінде ҚР ҚК-нің 242-бабы бойынша кінә бар деп тауып, оны 2 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Соңғы жаңалықтар