Қызылордадағы орталық мешітте Айт намазы оқылды

ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Бүгін Қызылорда қаласындағы «Сырдария Ақмешіт» мешітінде Айт намазы оқылды. Оған мұсылманның бес парызының бірі ораза тұтып, ауыз бекіткен жамағат жиналды.
None
None

Намаз басталмас бұрын мешіттің бас имамы Дайрабай қажы Серікбайұлы Айт намазының ерекшеліктері туралы жиналған жамағатқа уағыз айтты. Мұнан кейін бас имам Айт намазын оқыды. Айт намазы оқылып болған соң мешітке арнайы келген облыс әкімі Болатбек Қуандықов жиналған жұртшылықты Айт мерекесімен құттықтап, елге тыныштық береке тіледі.

Соңғы жаңалықтар