Қызылордалық атлет Аят Әмірбеков әлем чемпионатында күміс медальға ие болды

ҚЫЗЫЛОРДА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Қызылордалық ауыр атлет Аят Әмірбеков Ташкент қаласында өткен 17 жасқа дейінгі жасөсіпірімдер арасындағы әлем чемпионатынан күміс медальмен оралды.
None
None

Біріншілікте 77 келіге дейінгі салмақта сынға түскен жерлесіміз алдына тек ресейлік мықты зілтемірші Хетаг Хугаевты ғана салды. Бұл бәсекеде оның қарсыласы қоссайыста 312 келі салмақ көтерсе, Аят 297 келіні бағындырды. Үшінші орынға 296 келімен үнділік Венкат Рахул Рагала орналасты. Осының өзі Сыр бойы саңлағының күміс медальды қатты тартыс үстінде алғанын көрсетеді. Алайда, ол екі жаттығуда да негізгі қарсыласынан алда болды.

Қызылордалық атлет жұлқи көтеруде 136, серпе көтеруде 161 келіні алды. Ол ауыр атлетикадан ҚР спорт шебері, жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы (Лисаков, 2010ж.), сондай-ақ, еліміз чемпионатының қола жүлдегері (Лисаков, 2011ж.). 17 жасынан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы (Петропавл, 2012ж.) атағына ие.

Аят 1996 жылы 6 желтоқсанда Қызылорда қаласы, Абай ауылында туған. Ауыр атлетикамен 12 жасынан бастап айналысып келеді. Ж.Баһадүр атындағы облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта оқиды. Оны Арман Әбдіреев пен Жеңіс Алдабергенов сынды жаттықтырушылар баптайды. Енді Аят Бішкекте өтетін Азия чемпионатына қатысатын болады

Соңғы жаңалықтар