Қызылордалық бірнеше кәсіпкер «Даму» қорының көмегіне қол жеткізді

ҚЫЗЫЛОРДА. 27 сәуір. ҚазАқпарат - Қызылордада бірнеше кәсіпкер «Даму» қорының қаржылай көмегін алды. Бұл туралы «Даму» қоры облыстық филиалынан хабарлады.
None
None

Мұндай қолқайыр көмекке қол жеткізгендер арасында 2007 жылдан бері халықаралық жүк тасымалдаумен айналысып келе жатқан жеке кәсіпкер Гүлфия Заңғырова да бар. Оның осы жолдағы табандылығы мен сіңірген еңбегін ескерген қор рефрижератор сатып алуына жол ашты. Осылайша кәсіпкер, банк және қор арасында үшжақты келісім жасалды. Несиенің 7 пайызын өтеуді мемлекет өз мойнына алады.

Осындай кепілдеме келісімшарты жеке кәсіпкер-жиһаз жасаушы Бексұлтан Бисекеновпен де жасалды. Бірнеше жылдар бойы жиһаз жасайтын компанияда жұмыс жасап, сол жерде мол тәжірибе жинақтап алғаннан кейін, Бексұлтан өзінің жеке кәсібін ашуға бел буды. Алғашқы уақытта үйінен тапсырыстар қабылдап,өз ісін жүргізе бастаған ол, осы кәсібінен ақша қорын жинақтап цех ашып, жиһаз жасаушы жабдық алды. Бүгінде кәсіпкер ұжымында 7 адам жұмыс жасайтын шағын мекеме иесі. Тапсырыс көлемінің артуына байланысты кәсіпкер екінші цех ашуды көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар