09:56, 31 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Қызылордалық бүлдіршіндер әліппемен қоштасты
ЗЫЛОРДА. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда қаласындағы орта мектептердің бірінші сынып оқушылары арасында «Әліппе - білім бастауы» атты ертеңгіліктер болып өтті.
Бұл дәстүрлі шаралар оқушылардың әліппемен қоштасуына арналды. Рәсім театрландырылған көріністер түрінде ұйымдастырылды. Оларда шәкірттердің биылғы бірінші қыркүйектен бері үйренгендерін байқатуға мүмкіндік жасалды. Айталық, № 23 орта мектептің бастауыш сыныптардағы үздік оқытушыларының бірі Бибізада Дүйсенбекова әрбір бөбектің алғашқы білімге қол жеткізіп, еркін оқи білулеріне, оның сөйлеу мен жазуда алған дағдыларының алдағы уақытта күрделі бағдарламаларды қиналмай игеруіне мүмкіндік беруіне айрықша күш салады.
Биылғы жылы да бірінші сынып оқушылары өз ұстаздары мен ата-аналарына үлкен сый жасады - олардың салған әндері мен билері көпшіліктің көңілінен шықты.