Қызылордалық Ислам Салимов мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен жеңіл атлетикада ерекше өнер көрсетті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Шымкент қаласында 19-23 мамыр аралығында жеңіл атлетикадан мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
None
None

ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Юрий Мощеев қызылордалық спортшылар жақсы өнер көрсетті, деп хабарлады облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.
Атап айтсақ, Ислам Салимов үш алтынды облыс қоржынына салды. Ол 200, 400 метр қашықтыққа жүгіруден және ұзындыққа секіруден өзінің мықтылығын дәлелдеп, жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, жарыстың үздік спортшысы атанды.
Еламан Жоламан да үш алтын медальді иеленіп, найза лақтырудан ҚР спорт шебері нормативін орындады. Ол ядро итеруден және диск, найза лақтырудан1-орынды жеңіп алды.
Қолғанат Бақберген ұзындыққа секіруден бірінші орынды иеленсе, найза лақтырудан күміс жүлдені иеленді.
Жас спортшы Батырхан Абсанов ұзындыққа секіруден қола жүлдені еншілесе, 100 метр қашықтыққа жүгіруден бесінші болып келді.

Соңғы жаңалықтар