Қызылордалық құтқарушылар Сырдарияға батып бара жатқан жігітті аман алып қалды

ҚЫЗЫЛОРДА. 12 шілде. ҚазАқпарат - Қызылордалық құтқарушылар Сырдарияға батып бара жатқан жігітті аман алып қалды.
None
None

Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің басапсөз қызметінен хабарлағандай, оқиға облыс орталығындағы №3 іріленген квартал маңында болды. Осы жерге орналасқан «Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесінің стансасында кезекшілікте отырған құтқарушылар күндізгі сағат екі шамасында ғимараттың оң жағалауында су бетінде бір батып, бір шығып, ағып бара жатқан адамды байқаған. Сүңгуір-құтқарушы Е. Оспанов пен А. Болманов моторлы қайықпен азаматтың жанына дереу жетіп, жедел құтқару тәсілдерін пайдалана отырып, азаматты ажалдан құтқарып қалды. Қаланың 1987 жылы туған Ғабит Рахманбердиев есімді азамат дін аман.

Соңғы жаңалықтар
Референдум