Қызылордалық полицейлер бірнеше ақбөкенді жайратқан браконьерлерді қолға түсірді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Республика көлемінде өтіп жатқан «Қару» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде Қызылорда ОІІД Табиғатты қорғау полициясы бөлімінің қызметкерлері, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және РМҚК ӨБ «Охотзоопром» кәсіпорнының қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік іс-шара жүргізді.
None
None

Оның барысында Сырдария ауданы, Құмкөл кенішінен батысқа қарай шамамен 20 шақырым жерде «Ақши» учаскесінде «Тойота ланд крузер-100» маркалы автокөлігін тоқтатып тексеру кезінде оның ішінен 5 ақбөкеннің еті, 8 мүйізі, ішкі істер органдарында тіркелмеген 12 калибрлі аңшы мылтығы, 100-ге жуық атылмаған патрон, ара және пышақ табылып, айғақ заттар ретінде тәркіленді. Бұл туралы ОІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Тексеру барысында автокөліктің ішіндегі азаматтар 1968 және 1972 жылы туылған Қызылорда қаласы Қараөзек ауылының тұрғындары болып шықты.

Қазіргі таңда, аталған оқиға бойынша Сырдария АІІб-мен ҚР ҚК-нің 339-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар