12:14, 27 Сәуір 2011 | GMT +5
Қызылордалық Шахноза Исаханова - универсиада чемпионы
Қызылорда. 27 сәуір. ҚазАқпарат Астана қаласында болып өткен бокстан әйелдер арасында универсиадада қызылордалық Шахноза Исаханова чемпион атанды. Додалы бәсекеге еліміздің барлық аймағынан 160 спортшылар қатысты. Жарыс 13 салмақта өткізілді.

Осында 60 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмеген Ш.Исаханова қазіргі таңда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде 2-курста оқиды. Спорт шебері. Оны жоғары спорт шеберлігі мектебінде Ғалым Байғұндиев жаттықтырады.
Енді Шахноза шілде айында Қытайда өтетін әлемдік универсиадаға қатысады.