Қызылордалық Т.Құлахметов - халықаралық турнирдің жеңімпазы

ҚЫЗЫЛОРДА. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Беларусь астанасы Минск қаласында бокстан жастар арасында болып өткен халықаралық турнирде қызылордалық Тұрсынбай Құлахметов 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды.
None
None


Биыл оныншы рет ұйымдас­ты­рылған турнирге 10 мем­ле­кеттен 100-ден аса спортшы қатысты. Қазақстан боксшылары 3 алтын, 3 күміс, 2 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды. Ал қызылордалық Т.Құлахметов сонымен қатар «Ең үздік боксшы» жүлдесін де алды.

Тұрсынбай 2004 жылдан бастап бокспен шұғылданып келеді. Ол бұған дейін Қазақстан чемпионатының және халықаралық турнирлердің жеңімпазы атанған. 2010 жылы Ресейдің Қазан қаласында өткен II Еуразиялық спорт ойындарының жеңімпазы.

Қазіргі таңда жоғары спорт шеберлігі мектебінде жаттығады. Жарысқа Жәміл Жүсіпов дайындады.

Алдағы қараша айында Тараз қаласында бокстан жастар арасында өтетін Қазақстан чемпионатына қатысады.

2012 жылы Италия елінде өтетін Әлем чемпионатына қазіргі таңда дайындық үстінде.

Соңғы жаңалықтар