12:38, 27 Сәуір 2011 | GMT +5
Қызылордалық тоғызқұмалақшылар Қазақстан біріншілігінде бірінші орын алды
ҚЫЗЫЛОРДА. 27 сәуір. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Тоғызқұмалақтан Ақтөбе қаласында өткен Қазақстанның командалық чемпионатында Қызылорда облысының командасы бірінші орынды жеңіп алды. Оған республикамыздың барлық өңірінен 12 команда, 72 адам қатысты.

Жарыс айналмалы жүйеде 11 турдан тұрды. Осында Қызылорда облысы 49 ұпай жинады. Екінші орынға 46,5 ұпайы бар Павлодар облысы орналасса, 42 ұпайлы Алматы облысы үшінші орынды иеленді.
Ал жеңімпаздар командасының сапында Әсел Дәлиева, Біржан Елеусінов, Шыңғыс Ұзақ, Фарида Әуесбаева, Ақторғын Қошқарова, Айнұр Есенова ойнады. Мұнда ерлер арасында 1 тақтада ойнап, 11 турда 9,5 ұпай жинаған Әсел Дәлиева мен қыздар арасында 11 турдан 9,5 ұпай алған Фарида Әуесбаеваның ортақ табысқа қосқан үлестері зор болды. Чемпионатта Б.Елеусінов, Ш.Ұзақ және А.Есенова спорт шебері нормативін орындады.