18:42, 20 Сәуір 2014 | GMT +5
Қызылордалық ұста жарамсыз бөлшектерді кәдеге жаратады - ФОТО
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Облыстың Жаңақорған ауданына қарасты Қожакент ауылының тұрғыны Абибулла Төлегенов жеңіл көліктердің жарамсыз бөлшектерінен түрлі мүсіндер жасауды машығына айналдырған. Бүгінде ауыл ұстасының қолынан шыққан керемет мүсіндер ауыл көрікті жерлеріне қойылып ажарын ашып тұр.
Сырттан келген қонақтар да бұл ғажап көріністерді тамашалап жоғары баға беріп кетеді екен.
Қара темірді иіп түрлі мүсіндер соғатын ұстаға ауыл тұрғындарынан бөлек, өңірдің басқа аймақтардан да ұсыныстар түсіп жүр. Оның қолынан шығатын дүниелерге арнайы заттардың қажет етпейді. Жеңіл көліктердің жарамсыз бөлшектерінен иіп, ой-қиялына оралған мүсіндерді соға береді.
«Табиғаттың өзі тұнып тұрған үйлесімділік қой.Жарамсыз жатқан көліктердің бөлшегін көрсем оны әлденеге ұқсатып, жақсы дүние жасауға ойым кетіп тұрады», - дейді ол.