Қызылордалықтар Б.Аюхановтың 70 жылдығын тойлады

ҚЫЗЫЛОРДА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Н. Бекежанов атындағы облыстық музыкалық драма театрда Қазақстан Республикасының халық әртісі, Мемлекеттік және "Тарлан" сыйлықтарының лауреаты Болат Аюхановтың 70 жылдық мерейтойына орай балет өнерінің үлкен кеші өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Мемлекеттік академиялық би театры Сыр бойына гастрольдік сапарының алғашқы күнінде П.Чайковскийдің "Аққу көлі" балетін жұртшылық назарына ұсынып, үлкен қошеметке ие болды. Өнер иелері концерттің екінші күнінде көрермендермен екі мәрте жүздесті. "Аққу көлімен" бірге Бизенің "Кармен" балетінен үзінділер қойған бишілер өнерсүйер қауымды бір серпілтіп тастады.Кеште облыс әкімінің кеңесшісі Ержан Уәйіс мерейтой иесіне облыс әкімінің құттықтау хатын тапсырып, иығына шапан жапты.
Соңғы жаңалықтар