Қызылордалықтар Бүкілдүниежүзілік сайлау күнін атап өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордада бүгін Дүниежүзілік сайлау күні аталып өтілді.
None
None

Қалада екінші рет ұйымдастырылып отырған шарада «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы ҚР Орталық сайлау комиссиясының өкілімен және облыстық, қалалық мәслихаттардың депутаттарымен бірлесе отырып жастармен кездесті.

Басқосуда Қызылорданың жас азаматтарына сайлаудың мәні, қалыптасу тарихы, негізгі қағидаттары, сайлаушылар ретінде олардың қандай құқықтары бар екендігі және оларды қалай іске асыра алатындығы жайлы түсініктеме беріліп, жастар мәслихаттардың депутаттарымен «Менің сайлаудағы жеңісім» тақырыбында пікір алмасылды. Мәслихат депутаттары А.Ж.Әбдіхалықова, Б.К.Момынбаев, А.Ш.Әлназарова өздерінің сайлауға қатысу тәжірибелерімен бөлісті, сайлау науқандарында қолданған сайлау технологиялары жайлы баяндап берді.

Қалыптасқан дәстүрге сәйкес, ««Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының жетекшісі Н.Құдайбергенов жасы 16-ға толған Зарина Жудабаева, Ақмарал Ерболатова, Игорь Ким, Яна Пилюшина, Юрий Колесников, Заир Искаков, Шахзада Дадашева мен Наташа Хорченаға жеке куәліктерді салтанатты түрде табыс етті.

Соңғы жаңалықтар