Қызылордалықтар даңқты тұлғалардың құнды жәдігерлерін Ұлттық музейге сыйға тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі 2015 жылғы 25 қыркүйекте, Қызылорда қаласындағы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Ұлттық музейге сый тарту» республикалық акциясын өткізді, деп хабарлады музейдің баспасөз қызметінен.
None
None

Шараға Тұрмағамбет Ізтілеуов, Ыбырай Жақаев, Ұлбала Алтайбаева, Сәлима Жұмабекова, Зейнолла Шүкіров, Асқар Тоқмағамбетов, Дүкенбай Досжан, сынды т.б ұлтымыздың біртуар перзенттерінің ұрпақтары мен туған-туыстары қатысып, олардың қолданған құнды жәдігерлерін Ұлттық музейге табыстады. Сондай-ақ, акция аясында сыр өңірінің тумалары, белгілі композитор Кеңес Дүйсекеев пен даңқты спортшымыз Илья Ильиннің жеке заттарымен қоса, жергілікті суретші, мүсіншілердің де туындылары музейге тарту етті.

«Кез-келген шет мемлекетке барсақ, ең әуелі мұражайына бас сұғамыз. Қандай да бір ұлтты танытып, оның рухани қазынасын насихаттайтын музейлер мен мәдени орталықтардың орыны ерекше. Ұлттық музейдің ұйымдастырып отырған акциясы ұлтты танытуда, оның рухани байлығын насихаттауда ерекше маңызы бар шара деп білеміз. Қазақ даласында өмір сүрген ежелгі мемлекеттердің біразының астаналары біздің Қызылорда өңірінде орналасқан. Қазір сол қалалардың орындарында археологиялық зерттеулер жүргізіліп жатыр. «Сыр елі жыр елі» деп бекер айтылмаған. Мәңгілік елдің рухани қазынасының үлкен бөлігі біздің облыс өңіріне де тиесілі. Сондықтан бұл өңірден де Ұлттық музей жәдігерлерінің қатарына қосылатын құнды мұралар көптеп табылады» - деді, жиында сөз алған Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы. «Ұлттық музейге сый тарту» акциясы биылғы жылғы 18 наурызда Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде салтаннаты түрде бастау алған болатын. Шараға ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, Кенен Әзірбаевтың ұлы Бақытжан Әзірбаев, Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, белгілі саясаттанушы Ерлан Қарин, «Қадыр Мырзалиев» қорының төрағасы Донеділ Қажымов, Олимпиада чемпиондары - Серік Сәпиев, Бақыт Сәрсекбаев, Юрий Мельниченко сынды елге белгілі азаматтар, коллекционерлер, танымал тұлғалардың ұрпақтары, спортшылар, жеке адамдар қатысқан еді.

Соңғы жаңалықтар