Қызылордалықтар Илья Ильинге арнап ән шығарды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалықтар әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильинді күтіп алған күні ыстық ықыласқа бөлеп, оның құрметіне "Илья - чемпион!" деген ән арнады.
None
None

Сол күні әсем әуен орталық алаңда шырқалды. Оның авторы - қызылордалық танымал сазгер Алтын Бекенова және ақын Махмұтбай Әміреұлы.

«ИЛЬЯ ЧЕМПИОН»

Жаралған жаның ерліктен, Қаһармандықтан, өрліктен. Жеңіске жеттің тағы да, Алаңдап көптен ел күткен.

Қайырмасы:

Илья, асыл ұланым, Самғаған биік қыраным. Көтердің елдің тағы да, Байрағын, әнін, ұранын!

Қос дүркін алтын алдырдың, Қос дүркін тауды тауға ұрдың. Көтеріп жеңіс тұғырын, Қол жетпес көкте қалдырдың.

Илья Ильин - тау тұлға, Қалдың сол таудай қалпыңда. Таңдаңттың тағы әлемді, Асырдың Сырдың даңқын да.

Шаттық та шалқып, тасуда, Ұланым Жеңіс басында. Мерейің өсіп, ұлы елім, Жарқыра жаңа ғасырда.

Илья - золотой чемпион, Подарил много радости. Синий флаг гордо в небо взмья, Илья по правду победил!

Илья Ильин - алыбым, Толағай болған тау ұлым. Жарқырап жанған жұлдызым, Жаһанға жайған жарығын.

Соңғы жаңалықтар