Қызылордалықтар қос жерлестері И.Ильин мен А.Өтешовтің бүгінгі өнерлерін орталық алаңда, алып монитордан тамашаламақ

ҚЫЗЫЛОРДА. 4 тамыз. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласындағы орталық алаңда Лондон Олимпиадасына қатысып жатқан облыс спортшыларына қолдау көрсету мақсатында бұқаралық акция өтеді.
None
None

Іс-шара бүгін, кешкі сағат 20.00-де басталады. Оны қаланың музыкалық ұжымдары, көңілді және тапқырлар клубтары командаларының ойыншылары ашады. Сахнаға бұдан кейін қазақ эстрадасының белгілі жұлдыздары шықпақ.

Ал кештің шарықтау шегі - түнгі сағат 00.00-де, алаңдағы алып монитордан ауыр атлеттердің Олимпиадада өнер көрсетулерін тікелей эфирден көрсету болады. Бұл кезде зілтеміршілер тұғырына 94 келіге дейінгі салмақтағы Илья Ильин мен Алмас Өтешов көтеріледі. Алаңға жиналған жұртшылық оларға осы жерден қолдау көрсетеді. 

Соңғы жаңалықтар