Қызылордалықтар орталық алаңда Астана күнін атап өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. 6 шілде. ҚазАқпарат - 5 шілде күні Қызылорда қаласының орталық алаңында «Асқақтай бер, Астана!» ұранымен мәдени-көпшілік шаралар өтті.
None
None

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Шараның ерекшелігі, оның ұлттық нақышта өткендігінде. Атап айтқанда, асық, арқан тарту, ләңгі тебу, тоғызқұмалақ, қол күресі, гір тасын көтеру, ролик тебу, стритбол және «Көңілді сөрелер» атты 9 түрлі сайыс өткізілді. Оларға 300-ден астам адам қатысты.

Мұнан өзге, орталық алаңда арнайы киіз үйде ұлттық қол-өнер бұйымдарының және Ұлттық-мәдени орталықтар өкілдерінің көрмелері ұйымдастырылды.Сонымен қатар, алаңға тігілген 5 шатыр астында ұлттық сусындар сатылымға шығарылды.

Шараның мәдени бөлігінде «Елім менің» атты Астана туралы ән орындаушылардың аймақтық фестивалінің жүлдегерлері, қалалық мәдениет үйінің вокалды-аспапты ансамблінің, облыстық филармония ұжымының өнерпаздары және халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары сондай-ақ, еліміздің эстрада жұлдыздары «Дервиши», «Азия» топтары мен әнші Асқар Жүнісбеков өнер көрсетті.

Шара соңы мерекелік отшашумен аяқталды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум