Қызылордалықтар V Азаматтық форумға дайындық барысын талқылады

ҚЫЗЫЛОРДА. 10 мамыр. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордада «Қазақстанның V Азаматтық форумын өткізудің мәселелері туралы» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел басындағы әңгіме ұйымдастырылды.
None
None

Қаладағы «Болашақ» университетінің мәжіліс залында өткен бұл басқосуға облыстық Азаматтық альянс қауымдастығы және Қазақстанның Азаматтық альянсының атқарушы дирекциясы мен облыстық ішкі саясат басқармасының қызметкерлері қатысты.

Қазақстанның Азаматтық форумы әр екі жылда бір рет Астана қаласында өтіп тұрады. Биыл оның V форумы өтпекші. Осыған байланысты қазір облыстардағы форумдар дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Дөңгелек үстелді облыстық Азаматтық альянс қауымдастығының төрайымы Дариха Ақмағанбетова жүргізді. Жиын барысында облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Руслан Рүстемов «Мемлекеттік органдармен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы әлеуметтік әріптестік туралы» хабарлама жасады. Сонымен қатар республикадан келген жауапты қызметкерлердің баяндамалары тыңдалды.

Жиын барысында оған қатысушылар күн тәртібіндегі мәселе бойынша кеңінен пікір алмасты.

Соңғы жаңалықтар