Қызылорданың «Қайсар» футбол клубының басшылығы алмасты

ҚЫЗЫЛОРДА. 5 мамыр. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Футболдан Қызылорданың «Қайсар» командасында басшылық алмасты.
None
None

Былтырдан бері клуб президент болып қызмет атқарып келген Алаш Өтеуішев отбасылық жағдайына байланысты өз өтінішімен орнын босатты.

Клуб басшылығының лауазымы көп бос тұрған жоқ. Оның орнына грек-рим күресі бойынша әлемнің 2005 жылғы қола жүлдегері Ермек Көкетов президент болып тағайындалды. Журналистермен өткізген баспасөз мәслихатында палуан жігіт өзінің жасынан футболды қатты жақсы көргенін, командаға демеуші әкелуде жоспарлары бар екенін, оның құрамын жаңа мықты ойыншылармен толықтыруға жоба жасап отырғанын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар