Қызылорданың «Қайсары» бірінші оқу-жаттығу жиынын аяқтады

ҚЫЗЫЛОРДА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорданың «Қайсар» футбол командасы өзінің алдағы маусымға дайындығының бірінші кезеңін аяқтады.
None
None

Бұл туралы футбол клубының төрағасы Ермек Көкетов хабарлады.

Төраға қысқа мерзімдік еңбек демалысынан кейін ойыншылардың дене шынықтыру деңгейлерін қалыптарына келтіруді көздеген оқу-жаттығу жиынының Қызылорда қаласында өткенін айтты. Команда енді алдағы жылғы қаңтардың басында Түркияның Анталья қаласына жол жүріп, Жерорта теңізі жағалауындағы жасыл алаңдарда байқау кездесулерін өткізеді. Осы матчтарда командаға келіп, жаттығып жатқан жаңа ойыншылар сыннан өткізіледі.

Сонымен бірге «Қайсардың» жаттықтырушылар штабы өзгеріссіз қалғаны белгілі болып отыр. Бас жаттықтырушылық бұрынғысынша литван маманы Альгимантас Любинскастың тізгінінде қалса, оған қазақстандық мамандар Владимир Линчевский мен Сұлтан Әбілдаев көмектеседі.

Соңғы жаңалықтар