13:40, 26 Мамыр 2009 | GMT +5
Қызылорданың ?Сейхуны? еліміздің чемпионы атанды
ҚЫЗЫЛОРДА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Алматы қаласында гандболдан қыздар арасындағы Қазақстан біріншілігінің соңғы алтыншы туры мәресіне жетті.
Чемпиондық атақты Қызылорданың "Сейхун-ҚАМ-ҚМУ" командасы иеленді. Ал "Алматы" - күміс, "Қазығұрт" қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қызылордалық қыздар чемпиондықты бір тур бұрын еншілеп қойған еді. Бес тур бойы бірде-бір ұпайды шашау шығармаған Сыр гандболшылары басты қарсыласы ? "Алматыдан" 12 ұпайға ұзап, қара үзіп кетті. Бірақ, соңғы турда олар алматылық әріптестеріне есе жіберіп қойды. Өйткені, "Сейхунның" бас бапкері Вячеслав Ким аталған кездесуде негізінен жастарды алаңға шығарды. Осының салдарынан олар "Алматыдан" 29:33 есебімен жеңіліп қалды. Енді гандболшылар күзге дейін демалады. Одан кейін ұлттық құраманың кезекті оқу-жаттығу жиыны өткізілмек. Оған биылғы біріншілікте үздік ойнаған гандболшылар тартылады.