Қызылорданың ситуациялық орталығы халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды (ФОТО)

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы әкімдігінің ситуациялық орталық жобасы Амстердам қаласында өткен аудиовизуалдық инновациялар көрмесінде мәртебелі халықаралық «InAVation Awards» сыйлығының жеңімпазы атанды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Байқауға Ұлыбританияның Глазго қаласынан, Ресей Федерациясының қала маңындағы тасымалдау компаниялары, Бахрейннің DHL және Қазақстаннан Қызылорда облысы әкімдігінің ситуациялық орталықтары қатысты. Кешенді бағалау нәтижесінде Қызылорда облысы әкімдігінің ситуациялық орталығы Гран-при жеңіп алды. Осы байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі Қызылордада өтті. Ситуациялық орталықтың жобасын жасаған «Полимедиа» ЖШС құрылтайшысы Елена Новикова облыс әкімі Қырымбек Көшербаевты жеңісімен құттықтады. Елена Новикованың айтуынша, Қызылорда облысының ситуациялық орталығы байқауға «басқару орталықтары» номинациясына қатысып, инновациялығы, технологиялардың кешенді қолдануы және қарқынды жұмыс кестесі үшін жеңімпаз атанды. Аймақ басшысы өз кезегінде Новиковаға нәтижелі серіктестік үшін алғыс білдірді. - Өздеріңіз білетіндей біз ситуациялық орталықты бірлесіп жасадық. Орталықты құру мақсаты - инновациялық технологияларды қолданумен басқару тиімділігін арттыру болып табылады. Ол республика бойынша алғашқы өңірлік ситуациялық орталық. Жобасы жоғары деңгейде ең заманауи технологиялар қолданумен жүзеге асырылды. Менім білуімше, елімізде осы секілді орталық жоқ, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев. Аймақ басшысы «Полимедиа» ЖШС және облыс әкімі аппаратының бөлім басшысы Индира Ақжігітоваға «Алғыс хаттарын» табыстады.

Соңғы жаңалықтар