12:19, 31 Қазан 2009 | GMT +5
Қызылтаң мектебінде «Есірткісіз болашақ» акциясы өткізілді
КӨКШЕТАУ. Қазанның 31-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық кедендік бақылау департаментінің ұйытқы болуымен өңірдің Зеренді ауданындағы Қызылтаң ауылдық орта мектебінде «Есірткісіз болашақ» акциясы өткізілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Іс-шара аясында есірткінің адам ағзасына, қоғамға кері әсеріне байланысты мол мағлұмат беретін кинолента көрсетіліп, пікірсайыс өткізілді. Өз кезегінде кеденшілер білім ошағына компьютерлер жиынтығын сыйға тартып, бір сыныпты толықтай жабдықтауға жәрдемдесті. Облыстық наркология диспансері мен Қызыл жарты ай қоғамы бір топ мектеп оқушыларына сый-сияпаттарын табыстап, салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырды. Мектеп оқушылары өз тарапынан меймандарға ән мен биден шашу шашып, кездесу соңын өнер кешіне жалғастырды.