20:56, 25 Мамыр 2009 | GMT +5
Қызылжармалықтар ауыз сумен қамтамасыз етілді
ҚЫЗЫЛОРДА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Қызылорда қаласының іргесіндегі Қызылжарма ауылында жаңа ауызсу ұңғымасы пайдалануға берілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Елді мекенде 6000-ға жуық халық тұрады. Соңғы 25-30 жыл көлемінде ауылдағы ауызсу құбырлары әбден ескіріп, тозығы жеткен еді. Жергілікті тұрғындардың өтінішіне орай Қызылжарма жерасты су қорынан арнайы ұңғыма қазылды. Нормативтік талапқа сай келетін ауызсу 480 метр тереңдіктен алынып отыр. Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 27 млн. теңге игерілді.Ауылдағы ұзындығы 1,5 шақырымға жуықтайтын ауызсу құбырларын күрделі жөндеуден өткізу үшін 8 млн. теңге қаралып отыр.