Латвия қазақстандық жүкті Батыс нарығына жеткізудегі басты серіктес - Роман Василенко

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада Экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық-латвиялық үкіметаралық комиссияның 6-шы отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Тараптар, көлік пен транзит, туризм, ауыл шаруашылығы, білім мен ғылым, «жасыл экономика» салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегі зор бағыттарымен қатар Латвияның «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуын талқылады.

«Қазақстан Латвияға қазақстандық экспорттық жүктерді латвиялық теңіз порттары арқылы Батыс нарығына, кері бағытта Еуропалық экономикалық одақ, Орталық Азия елдеріне, Қытайға және одан ары Азияның басқа да елдеріне жеткізудегі маңызды серіктес ретінде айрықша назар аударады. Қазіргі уақытта 170 миллионнан астам тұтынушыны қамтитын ЕАЭО-ның бірыңғай нарығына шығуға барлық жағдай жасалған», - деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко.

Өз кезегінде латвиялық тарап мұнан да ары тығыз ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

Латвия делегациясы құрамында аталған елдің Экономика, Білім және ғылым, Қоршаған ортаны қорғау министрліктерінің лауазымды қызметкерлері және кәсіпкерлері болды.

Кездесу қорытындысында алтыншы үкіметаралық комиссия хаттамасына қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар