08:40, 27 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Лебяжінің аудандық газетіне - 70 жыл
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Павлодар облысының Лебяжі ауданында шығатын «Аққу үні» газетіне 70 жыл толды.
1940 жылдың қыркүйек айында алғаш рет жарыққа шыққан бұл басылым міне 70 жыл бойы өз оқырмандарын өңірдің тұрмыс-тіршілігі туралы қазақ және орыс тілдерінде объективті хабардар етіп келеді. 2 мыңға жуық данамен шығатын басылымды аудандағы әрбір отбасы жаздырып алады. Газеттің мерейтойы -аудан тұрғындарының мерекесі.
«Аққу үні» жаңалықтарды хабарлайды, оқырмандарды ауылдардың тұрмыс-тіршілігімен, атқарушы биліктің жоспар-бағдарламаларымен таныстырады.