«Əлем. ХХІ ғасыр» манифесі бағдарламасы ядролық қарудың таралуына тұсау салады - С.Қартоев

Оның айтуынша, 1990 жылдардың басында əлемдегі көптеген полигондар жабылды, дегенмен олардан келген залалдың ызғары əлі бар. Тіпті, 2006 ,2009,2013,2016 жылдары ядролық сынақ дайындаған Солтүстік Корея сияқты ядролық державалар пайда болған.
«Ядролық қарудың қауіпі бар. Сондықтан, Президенттің бағдарламасы - ядролық қарудың шипасы деуге болады. Ең бастысы, Н.Назарбаевтың бағдарламасы ядролық қарудың дамуына тұсау салады. Бағдарламаның бірнеше бөлімі бар, біріншісі - ядролық қарудан ада аймақтар құру, екінші бағыты - шиеленістерді бейбіт жолмен шешу, үшіншісі - ядролық, химиялық қарудан бас тарту және ядролық қаруға қарсы жаһандық қозғалыс құру»,-деді С.Қартоев.
Айта кетейік, БҰҰ-ның Бас сессиясында Н.Назарбаев əлем елдеріне əскери бюджетінің 1 пайызын кедей елдердің əлеуметтік мәселесін шешуге жұмсау керектігін айтқан еді. Жыл сайын əлем бойынша жыл сайын 1 трлн 700 млрд доллар қару-жарақпен қамтуға жұмсалады.