«Лениногорск-Барнаул» жолаушылар пойызы "КамАЗ"-дың жолға шығып кетуінен ШҚО-да 4 сағат тұрды - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 28 шілде. ҚазАқпарат - «Лениногорск-Барнаул» жолаушылар пойызы "КамАЗ"-дың жолға шығып кетуіне байланысты ШҚО-да 4 сағат тұрды, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі. 
None
None

Кеше Шығыс Қазақстан облысында «Ертіс зауыты - Қазиев» аралығында тастарды арту кезінде «Шахан-Ата» ЖШС-не тиесілі «КамАЗ» көлігінің жүргізушісі темір жолдардың үстіне шығып кетті. Соның салдарынан теміржол желісіне зақым келтіріліп, «Лениногорск-Барнаул»  бағытындағы №392 жолаушылар пойызы 4 сағатқа кешікті.

Теміржол көлігінің қозғалысы жанданды. Оқиға орнында қозғалыс жылдамдығы сағатына 5 шақырымға дейін бәсеңдетілді. «ҚТЖ» АҚ-ның мамандары құрылғыларды ауыстырудың қажеттілігін анықтау мақсатында теміржол желісін тексереді. 

Төтенше жағдайды жоюға ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД 3 адамы мен 2 техникасы, «ҚТЖ» АҚ-ның 25 адамы, «Шахан-Ата» ЖШС-нің 15 адамы мен аралық жолының 1 тепловозы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар