Ли Куан Ю мектебі «Назарбаев Университетімен» ұзақмерзімді ынтымақтастықты арттырмақ

АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Ертең, 2 тамызда Сингапур қаласында (Сингапур) «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы мен Сингапур Ұлттық Университетінің Ли Куан Ю Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің арасындағы ынтымақтастық туралы ұзақмерзімді келісімге қол қойылады деп күтілуде.
None
None

Осылайша,  «Назарбаев Университеті» және Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің  стратегиялық серіктесі саналатын Сингапур Ұлттық Университетінің Ли Куан Ю Мемлекеттік саясат мектебі ұзақмерзімді ынтымақтастықты жүзеге асырмақ.

 Келісімге «Назарбаев Университетінің» президенті Шигео Катсу, «Назарбаев Университеті» Атқарушы кеңесінің төрағасы Аслан Сәрінжіпов, Сингапур Ұлттық университетінің президенті Тан Чор Чуан, сондай-ақ Ли Куан Ю Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің деканы Кишор Махбубани қолдарын қояды деп күтілуде.

Келісім «Назарбаев Университеті» Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің академиялық даму, адами ресурстарын, академиялық қызметкерлер құрамы мен инфрақұрылымын дамыту жөніндегі консультациялық әрі білім беру қызметтерін көрсету мәселелерін қамтиды. Қазіргі таңда осы келісімнің шеңберінде 2017 жылға дейінгі бірлескен іс-шаралар жобасы да әзірленген. Сонымен қатар, «Назарбаев Университетінің» Жоғары мемлекеттік саясат мектебі Ли Куан Ю Мемлекеттік саясат мектебімен ынтымақтастық бойынша 2013 жылы «Мемлекеттік саясат магистрі», ал 2015 жылға қарай «Мемлекеттік басқару магистрі» мамандықтарының академиялық бағдарламаларын іске қосуды жоспарлайды.

Еске сала кетейік, Сингапур Ұлттық университетінің Ли Куан Ю Мемлекеттік саясат мектебі «Назарбаев Университетінің» Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің стратегиялық әріптесі болып табылады. Ли Куан Ю Мемлекеттік саясат мектебінің қатысуымен «Назарбаев Университетінде» екінші жыл бойы мемлекеттік қызметшілерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Соңғы жаңалықтар