Лицензиясыз емдеу жүргізгені үшін сот мемлекет пайдасына 4 млн. теңге өндіріп алды - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар прокурорының талабы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот «Нарконон» Әлеуметтік-реабилитациялық орталық» Қоғамдық қоры директорының орынбасарынан заңсыз қызметінен алған төрт миллион теңгені мемлекет пайдасына түсірді, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
None
None

Сот әйел азаматты ҚР-ның «Лицензиялау туралы» Заңының 26 бабын бұзғандығы үшін айыпты деп таныды. Ол рұқсатсыз қоғамдық қор ішінен ішімдік пен есірткіге тәуелді адамдарды емдеу жұмыстарын жүргізген.

Соттың шешемі заңдық күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар