Липецкде спорт фильмдерінің халықаралық кинофестивалі өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Ресейдің Липецк қаласында "Атлант" деп аталатын VIII халықаралық спорт фильмдерінің фестивалі басталды. Еуропа кеңесінің қолдауымен өтіп жатқан бұл шараны Ресейдің спорт, туризм және жастар саясаты министрлігі мен Спорттық кино және телевидения федерациясы бірігіп ұйымдастырып отыр.
None
None

Кинофестивальге 27 елден 100-ден астам кино туындылар қатысуда. Олардың ішінде Қанағат Мұстафиннің режиссерлігімен Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы түсірген "Рывок" фильмі бар. Онда халықаралық кинофестиваль жеңімпаздары "Спорт және тұлға", "Спорт және қоғам", "Спорт туралы үздік көркем фильм" аталымдары бойынша марапатталады. Үш күнге созылатын бұл шара кезінде Ресейдің "Олимпиадалық идеалға адалдық", "Үздік телебағдарлама" аталымдары бойынша үздіктері де анықталмақ. Құрметті қонақтар арасында: кинорежиссерлар арасында қазақстандық Қанағат Мұстафин, румыниялық Алина Космою, сербиялық Свето Страхиник, австралиялық Юрген Грубер, канадалық Дэвид Ной бар.

2005 жылдан бері халықаралық деңгейде өтіп келе жатқан "Атлант" кинофестиваліне алғашқы жылы 14 елден 40 туынды қатысқан болатын. Биыл оның ашылу рәсімі Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығында болды. Фильмдердің көрсетілімі енді "Мәскеу" ойын-сауық орталығындағы "Малина" кинотеатрында өтпек.

Соңғы жаңалықтар