Лисаковскіде жоғалған кәсіпкер әйел өлі табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде Лисаковск қаласының кәсіпкері Надежда Потапованың өлімі жайлы ақпарат пайда болды. Дарья Скворцова есімді автор бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде кәсіпкер әйелді іздестіруге жәрдем сұраған болатын, деп жазды alau.kz.
None
None

Потапованың өлі денесі саяжайдан табылды.  Артында кәмелеттік жасқа толмаған екі қызы қалды.

Естеріңізде болса, 26 қыркүйек күні Лисаковскіде 32 жастағы Надежда Потапова жоғалып кеткен еді. Ол бизнеспен айналысып, интернет педагог болып жұмыс істеген.

«Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Лисаковск прокуроры Надежда Потапованың жоғалуында қылмыстық сипат бар екенін хабарлады.

Соңғы жаңалықтар