Лисаковскідегі іскер әйелдің өліміне оның танысының қатысы болуы мүмкін

Алау-ТВ-ға Қостанай облыстық ІІД тергеу бөлімінің басшысы Арон Алматов хабарлағандай, 12 қазанда күдікті анықталды, ол жауапқа тартылғанда кінәсін мойындады.
«Тергеу амалдары жүргізілді, ол Потапованың мәйітін жасырған жерді көрсетті», - деп хабарлады Арон Алматов.
Әйелдің өлі денесі иесіз қалған саяжай үйлерінің біріндегі жертөледен табылды. Мәйітінде зорлық-зомбылық іздері бар, алайда өлімінің себебі сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады. Күдіктінің кім екенін полицейлер айтпады. Ол 24 жаста екені ғана белгілі.
«Алдымен әйелдің таныстары, жақындары, туыстары, достары тексерілді. Оның танысы күдік тудырды», - деп атап өтті Қостанай облыстық ІІД тергеу бөлімінің басшысы.
Полиция оны қамауға алуды санкциялау үшін сотқа арыз дайындап жатыр. Қылмысқа бару себебі тергеу кезінде анықталмақ.
Еске сала кетейік, 26 қыркүйек күні Лисаковскіде 32 жастағы Надежда Потапова жоғалып кеткен еді. Ол бизнеспен айналысып, интернет педагог болып жұмыс істеген.
Лисаковск прокуроры Еркін Тайкешов хабарлағандай, «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ ол Надежда Потапованың жоғалуында қылмыстық сипат бар екенін хабарлады. Екі баланың жоғалған анасының қайда екені туралы ақпарат үшін сыйақы төленетіні жарияланған.