09:57, 29 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Лисаковскінің жаңа әкімі тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысының әкімі А.Мұхамбетов Лисаковск қаласының әкімі лауазымына Исмағұлов Алмат Ерікұлын тағайындады.
Исмағұлов Алмат Ерікұлы 1979 жылы туған, білімі жоғары. 2000 жылы «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін бітірген.
Қостанай облысының мемлекеттік органдарында жетекші қызметтерінде болған.
2013 жылдың маусымынан Қарабалық ауданының әкімі болды.